Денсаулық сақтау

40 мыңнан астам қазақстандық жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алды

Қазақстанда 40 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алды. Иммундау шарасынан өткендер – 12 мен 18 жас аралығындағы ұл-қыздар. Ал кейбір елдер бұдан кіші жастағы балаларды вакциналауға кірісті.Мәселен, жақында ғана локдаун жариялаған Австрия 5 пен 11 жас аралығындағы балақайларға препарат қоюда. Бүгінгі күні мұндай жұмыс Израильде де жүргізіліп жатыр.

Польшалықтар да қалыс қалмады. Олар да балғындарға жаппай екпе салуда. Ал қытайлықтар болса бұл іске бәрінен бұрын кірісті. Аспанасты елінің тұрғындары күздің басында 3 жастағы бүлдіршіндерді вакциналады. Нәтижесінде, көршілес елде инфекциялық ауруханаларда ауыр жағдайда жатқан ұл-қыздардың саны біршама азайыпты.

Бердимурат Баймухан