Көлік және жолдар

Петропавлда жол-көлік апатынан 3 адам ауыр жарақат алды

Петропавлда жол-көлік апатынан 3 адам ауыр жарақат алды. Айналмалы жолдан өтіп бара жатқан қос автомобиль бір-бірімен соқтығысып қалған. “ВАЗ” маркалы көлікті тізгіндеген 42 жастағы жүргізуші мен 36-дағы жолаушы ауыр жарақат алып, жедел ауруханаға жеткізіліпті. Ал Toyota Camry-дің иесі алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген. Қазір тәртіп сақшылары апатқа кімнің кінәлі екендігін анықтап жатыр. Жалпы, өткен 10 айда өңірде 150 жол-көлік апаты орын алған. Өкінішке қарай, 28 адам қаза тауып, 200-ден астамы түрлі дене жарақатын алған.

Маржан Касымбек