Денсаулық сақтау

М.Жұмабаев атындағы колледж студенттері екпе алды

Жұлдыз Досмұхамбетова М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде 3-ші курста оқиды. Мұғалім мамандығын меңгеріп жүрген бойжеткен екпе салдырудың қажеттігін жақсы түсінеді. “Комирнати” вакцинасын колледжде оқитын 18 жасқа дейінгі студенттер арасында алғашқылардың бірі болып қабылдауда.

Жұлдыз Досмұхамбетова, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің студенті:

– Бұл денсаулыққа қажет деп ойлаймын. Ата-анам вакцина алғандықтан және өздерін жақсы сезінгендіктен осы шешімді қабылдадым. 01:36- Өзімді жақсы сезінемін.

Жұлдызбен қатар иммундау шарасына тағы 17 студент келді. Олар кабинеттің алдында өз кезектерін күтіп тұр. Екпе алуға келген жастар ең алдымен дәрігердің бақылауынан өтеді. Дене температурасы мен қан қысымы тексеріледі. Колледж мамандарының айтуынша бүгін кәмелетке толмағандар арасында екпе егу науқанының алғашқы күні екен.

Асылжан Нұрахметова, М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің негізгі орта білім бөлімі меңгерушісі:

Біздің тараптан жүргізіліп жатқан жұмыстарды атқарып жатырмыз. Яғни, медициналық қызмекерлерінің қатысуымен ата-атаналар жиналысын өткіздік. Бұған дейін колледж ұжымы, кәмелет жасқа толған студенттер барлығы екпе алған.

Білім ордасында жалпы 1500-ге жуық студент оқиды. Олардың 603-і – 18 жасқа толмағандар. Вакцина алушыларға “Comirnaty” екпесін №1 емхананың мамандары келіп қойды.

Самал Жүнісова