Балалар

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда. Өңір полицейлерінің айтуынша облыстағы мектептердің барлығында бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр. Қазір оларды жедел басқару орталығына қосу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған мамандандырылған нысанға қалада алғашқылардың бірі болып №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені қосылған. Мұнда қазір 1300-ге жуық оқушы бар. Мектепте балалардың қауіпсіздігін ювеналды полицияның учаскелік инспекторы қадағалайды. Сонымен қатар, 80 камерадан тұратын бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Оның 60-сы іште орналасса, қалған 20-сы сыртты қадағалайды. 20 камерадан жазылған видео Жедел басқару орталығына келіп түседі.

Сайран Сәркенов, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

-Сондай-ақ, мектептің бірінші қабатында дабыл түймесі бар. Қауіп төнген жағдайда дабыл түймесі арқылы берілген белгі полициямен қатар арнайы күзет қызметіне келіп түседі. Облыстағы мектептердің барлығында бейнебақылау камералары орнатылған. Қазіргі уақытта оларды Жедел басқару орталығына қосу жұмыстары жүріп жатыр.

Эльмира Садвокасова