Мәдениет

Облыстық қуыршақ театрында Тұңғыш Президент күні аталып өтілді

Облыстық қуыршақ театрында Тұңғыш Президент күні аталып өтілді. Алайда, бұл жолы өнер ұжымы іс-шара кішкентай көрермендерінсіз ұйымдастырды. Олар мерекелік жиында Елбасы туралы бейнеролик тамашалады. Арнайы әзірленген материалда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолы, атқарған қызметі жайлы баяндалды. Кейін сахнаға қара шаңырақтың көркемдік жетекшісі Мейрам Сексенбаев шықты. Ол Тұңғыш Президент күнінің мән-маңызына тоқталып, әріптестерін алдағы мерекемен құттықтады. Атаулы дата қарсаңында театр труппасы халықаралық фестивальға қатысу үшін жол жүргелі отыр екен.

Мейрам Сексенбаев, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі:

– 1 желтоқсан – Тұңғыш Прездиент күні” бүкіл Қазақстан бойынша барлық мектептерде, ұйымдарда аталып жатыр. Елбасының Қазақстан Республикасына жасаған еңбегі, істеген істері бәрімізге айғақ. Сондықтан да оны атап өту үлкен мәселе деп отырмын. Президент күні қарсаңында, 29 қараша күні театрдың ұжымы Қарағанды қаласында өтетін халықаралық қуыршақтар театры фестиваліне барайық деп отырмыз.

Самал Жүнісова