Көлік және жолдар

Көлікпен жылқылар соқтығысып, 2 адам зардап шекті

Көлікпен жылқылар соқтығысып, 2 адам зардап шекті. Оқиға бүгін Тайынша ауданында болған. Қос тұрғын түн жарымда «ВАЗ» маркалы автомобильмен жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан. Кенеттен трассаға бірнеше жылқы атып шыққан. Аттың біреуі құлынымен кеп соғылған. Бейберекет жүрген жылқылар табыннан бөлініп кеткен көрінеді. Полиция қызметкерлері бақташыға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Ал, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер емдеу мекемесіне жеткізілді.

Бердимурат Баймухан