Мәдениет

Тарихи-өлкетану музейіндегі Тұңғыш Президент залына – 9 жыл

Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі Тұңғыш Президент залы 2012 жылдың 1-желтоқсанынан бері жұмыс істеп тұр. Бұл жерден Нұрсұлтан Әбішұлының өмірі мен отбасы, білім қуған кездері мен хоббиі және қызмет жолын қалай бастағанын көруге болады. Айта кеткен жөн, Нұрсұлтан Назарбаев мектепті үздік бітірген. Өзінің ізденімпаздығы мен алғырлығының арқасында 2 жыл бойы Украинада металлургия саласының қыр-сырын меңгерген.

Еркебұлан Ахметжанұлы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

1960-жылы Қазақстанға оралады. Содан Теміртау қаласындағы Домна пешінің жұмысшысынан аға газовшыға дейін көтеріледі. 1969-жылы Теміртау қаласы бойынша Компартияның хатшысы қызметіне орналасады. Кейін 1984-жылы Қазақ СССР министрлер кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалған. Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі ең жас үкімет жетекшісі болса да, өзінің саяси қайраткерлігімен көзге түскен.

Нұрсұлтан Назарбаев бала кезінен спортқа жақын болған. Соның арқасында металлургиядағы ауыр жұмыстарға төзе біліпті. Тағы айта кетерлігі, Елбасы Украинада оқып жүрген кезде де күресшілер клубының қатарында болып, замандастарының арасында алдыңғы қатардан көрінген. Қазіргі уақытта да Нұрсұлтан Әбішұлының гольф, теннис сынды спорт түрлерімен әуестенетіні белгілі.

Еркебұлан Ахметжанұлы, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері:

Нұрсұлтан Әбішұлы 90-жылдардағы дағдарыс кезінде мемлекетті басқарды. 1997-жылы тұңғыш Президенттің бастамасымен «Қазақстан – 2030» стратегиясы жарияланды. 7 бағыттан тұратын бұл бағдарлама еліміздің 2030-жылға қарай әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енгізуді мақсат еткен болатын. 2012-де «Қазақстан – 2050» деп аталатын жаңа бағдарлама қабылданды.

Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлының мемлекетіміздің дамып, өркендеп, әлем танитын елдердің қатарына қосуда атқарған еңбегі ерен. Әр солтүстікқазақстандық облыстық тарихи-өлкетану музейіне келіп, дара тұлғаға қатысты деректермен таныса алады.

Алтынай Казиканова