Қылмыс

Интернет-алаяқтықтың жаңа түрі таралуда

Бағыңды сынап, ақшалай жүлдеге ие бол! Солтүстікқазақстандық полицейлер қоғам арасында интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын хабарлайды. Айлакерлер арам ойларын WhatsApp желісі арқылы жүзеге асырмақ ниетте. Олар “Halyk bank”-тің 98 жылдығын сылтау етіп, адамдарға “Акцияға қатыссаң, 50 мың теңге иеленесің” деген сарындағы жалған хабарлама жолдайды. Алайда, қаржы ұйымының өкілдері мұндай бастама қолға алынбағандығын ресми түрде хабарлады. Осыған орай тәртіп сақшылары тұрғындарды интернет кеңістігінде барынша сақ болуға, күмән туғызатын сілтемелерге өтпеуге шақырады.

Бердимурат Баймухан