Қылмыс

Жыл басынан бері өңірде есірткі бизнесіне қатысты 203 факті тіркелген

Героин, гашиш, марихуана мен синтетикалық есірткі. Жыл басынан солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылармен заңсыз айналымнан 409 келі зиянды зат тәркіленген. Қылмысқа қатысы бар жандарға қатысты 90 іс қозғалған. Фактілердің тең жартысы синтетикалық өнімді саудалауға қатысты. Зиянды затты заңбұзушылар интернет арқылы саудалаған.

Бүгінде тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алу жұмыстарына баса назар аударуда. Есірткінің қаншалықты зиянды екенін түсіндіру үшін жиындар өткізіп, лекция оқып, бейнематериалдар таратуда.

Иван Терзиди, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

– Естеріңізге сала кетейін 2018 жылдан бері департаментте WhatsApp желісі жұмыс істейді. 8-707-500-96-65 нөмірі арқылы сіз есірткі қылмысына қатысты кез келген ақпаратты жолдай аласыз.

Жыл басынан өңірде полиция қызметкерлерімен есірткі бизнесіне қатысты 203 факті тіркелген. Оның ішінде 72-сі ауыр және аса ауыр қылмыс түріне жатады. Өкінішке қарай, есірткіні шамадан тыс мөлшерде қолдану жағдайлары да жоқ емес. 10 айдың ішінде мұндай 52 факті анықталған.

Эльмира Садвокасова