Қылмыс

Петропавлда жүк көлігін мас күйде жүргізген ер адам ұсталды

Петропавлда жүк көлігін мас күйде жүргізген ер адам ұсталды. ГАЗ маркалы көлікті 47 жастағы қала тұрғыны басқарған. Темір тұлпарды тоқтатқан кезде рөлде отырған адамнан арақ иісі мүңкіп тұрған. Медициналық тексеріс оның мас екенін көрсеткен. Ер адам шұғыл жұмысқа шақырып қалғандықтан осы күйде шығып кетуге тура келді деп ақталыпты.

Бұл фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 608-ші бабына сәйкес хаттама толтырылды. Жаға ұстатарлық жайт, осы 2 күнде облыс көлемінде 9 мас жүргізуші ұсталған. Еске сала кетейік, өңірде қарашаның 22-сінен бері арнайы жедел-профилактикалық іс-шара жүріп жатыр. Оған 400-ден астам полиция қызметкері тартылған. Сондай-ақ, осы екі күнде жол бойында тіркелген 900-ге жуық құбұзушылықтың 250-ден астамы облыс орталығында орын алған.

Бердимурат Баймухан