Денсаулық сақтау

Облыстық перинаталдық орталық мамандары ревакцинациядан өтуде

Өңірде ревакцинация науқаны да жүріп жатыр. 3 күн ішінде 500-ге жуық солтүстікқазақстандық екпенің 3-ші дозасын салдырған. Ескере кететін жайт, кезекті иммундау шарасына 2-ші компонетті 6 ай бұрын алған жандар ғана қатыса алады. Бұл тізімге әзірге медицина қызметкерлері, тәртіп сақшылары, мұғалімдер мен құтқарушылар кіреді. Бүгін облыстық перинаталдық орталық дәрігерлері ортақ шарадан қалыс қалмай, вакцина салдырды.

Динара Рахметова, облыстық перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі:

– Коронавирусқа шалдыққан жандарды емдеумен айналысатындықтан өзімнің де вакцина алғаным маңызды. Індетке қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында кезекті екпе алдым. Тұрғындарды да вакцина қабылдауға шақырамын.

Бердимурат Баймухан