ТЖ

Қазіргі уақытта мұзға шығу қауіпті

Қазіргі уақытта мұзға шығу қауіпті. Өзен-көлдің беті әлі дұрыс қатқан жоқ дейді құтқарушылар. ТЖД мамандары Есілді бойлай балықшылар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр жадынамада қауіпсіздік ережелері жазылған. Су айдындарында қатқан мұз әлі жұқа, кез келген сәтте жарылып кетуі мүкін. Осы орайда өзеннің жиі балық аулайтын жерлеріне “Мұз істіне шығуға болмайды” деген ескертпе бағандар орнатылды.

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД бөлімшесінің бас құтқарушысы:

– Қысқы маусымда балық аулайтын жандардың қатары көбейіп келеді. Оларға айтарымыз бар. Бүгінде мұздың қалыңдығы 5 пен 12 см аралығында құбылып тұр. Бұл мұздың әлі толықтай қатпағанын білдіреді. Демек, балықшылар тиісті ережелерді елеп жүрулері тиіс.

Алтынай Казиканова