Денсаулық сақтау

Әлем бойынша балаларды вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Балаларды вакциналауда дамыған елдердің қарқыны қалай? Балаларға арналған “Комирнати” екпесін жасап шығарған АҚШ 12 мен 17 жас аралығындағыларды вакциналауды алғашқылардың бірі болып өткен жазда бастады. Канада да қатардан қалысқан жоқ. Сол кездегі дерек бойынша аталған екі елде жасөспірімдердің 42 пайызы – алғашқы дозаны, ал 32 пайызы екінші компонентті алған.

Израиль 5 пен 11 жас аралығындағы жеткіншектерге осы аптадан екпе салуға кірісті. Бұл елде жоспар бойынша 1 млн 200 мың жас иммундалуы тиіс екен. Ал Коста-Рика – 12 жасқа дейінгі балалардың барлығын вакциналау қажеттігін міндеттеп отырған алғашқы ел. Аталған мемлекетте “Comirnaty” препаратының 3 жарым млн дозасын сатып алу жоспарланған. Елдегі көрсеткіштерге кезек берейік. Қазақстанда 12 жастан асқан ұл-қыздарды вакциналау өткен аптада басталды. Бүгінде ата-анасының рұқсатымен 26 мыңнан астам жеткіншекке екпе егілген.

Дана Ешкенова