Көлік және жолдар

Петропавлда жол-көлік оқиғасында адам қаза тапты

Бүгін Петропавлда жол-көлік оқиғасы болды. Айналма жолда “LADA Largus” пен “Урал” маркалы көлік соқтығысып қалып, 1 адам тілге келместен қаза тапты. Қазір апаттың анық-қанығы тексеріліп жатыр. Марқұм болған кісі – облыс орталығының тұрғыны, жасы әзіргебелгісіз. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, жеңіл автобильдің жүргізушісі көктайғақта тоқтай алмай, ауыр жүк машинасының астына кіріп кеткен. Жалпы, соңғы 2 күн ішінде өңір жолдарында осымен 3-ші оқиға орын алып отыр. 1 адам қаза тауып, 2 тұрғын жарақат алды.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Аталған факті ҚК-тің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің тізіліміне енгізілді. Жол-көлік оқиғасы себептері мен салдарын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Эльмира Садвокасова