Спорт

Петропавлда киберспорттан турнир өтті

Петропавлда киберспорттан қалалық турнир ұйымдастырылды. Іс-шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Тартысты бәсеке екі кезеңнен тұрды. Алғашқы турға 16 команда қатысып, өзара “Counter-Strike” ойынында мықтыны анықтады. Осылайша, финалға 4 құрама жолдама алды. Әр ұжымда – 16 мен 29 жас аралығындағы 5 адамнан. Мұнда да қатысушылар аталған компьютерлік ойында жеңімпазды анықтайды. Топ жарған ұжымға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды. Екінші және үшінші орын алған командалар 70 және 50 мың теңгемен марапатталады. Ақтық ойын қарашаның 27-сі күні өтеді.

Лидия Грабарь, «Жастар салауатты өмір салты үшін» ЖҚБ төрайымы

Киберспорт өзге елдерде кеңінен таралған. Бізде енді-енді дамып келеді. Өңірімізде бұл спорт түріне қызығушылық танытатын жастар жетерлік. Осы турнирдің өзіне қатысуға 90-нан астам адам ниет білдірді.

Эльмира Садвокасова