Білім

НЗМ оқушысы Артем Герман республикалық президенттік олимпиадада 2-ші орын алды

Жергілікті НЗМ оқушысы Артем Герман республикалық президенттік олимпиадада 2-ші орын алды. Білім додасы жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Қарағанды қаласында өткен. Президенттік олимпиадаға ел бойынша 180-нен астам оқушы қатысқан. Республикалық деңгейдегі сайысқа алғаш рет қатысып тұрып аталған мектепте 12-ші сыныпта оқитын Артем қазақстандық 2 бірдей университетте тегін оқу мүмкіндігін иеленді.

Артем Герман, Химия-биология бағытындағы НЗМ оқушысы:

Мен биологиядан өте жоғары нәтиже көрсеткеніме қуаныштымын. Бірақ, бұл олимпиада жаратылыстану-математика бағытындағы төрт пән бойынша өткізілгендіктен, бізге математика мен физикадан да есеп шығару қажет болды. Тапсырмалар қиын, дегенмен мектеп бағдарламасына сай. Барлығын логикалық тұрғыдан ойланып, шығару қажет. Әрине, қобалжу болды, өз нәтижеме ризамын.

Самал Жүнісова