Денсаулық сақтау

Індетпен күрес

Пандемия басталғалы әлемде 258 млн-нан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 5 млн-нан астам жан қайтыс болған! Мұндай деректі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі тілге тиек етті. Баяндамасында Алексей Цой ел көлеміндегі цифрларға да тоқталды. Соңғы айда Қазақстанда ауруды жұқтыру – 2,4, стационарларда емделіп жатқандар – 1,4, ал амбулаторлық науқастар саны 1,8 есеге төмендеген.

Бүгінгі таңда республикамыз жалпы алғанда және елдегі 10 өңір “жасыл” аймақта тұр. 4 облыс – “сары” зонада. Павлодар мен Солтүстік Қазақстан әлі де қауіптілік деңгейі жоғары аймақтан шыға алмауда. Вакцинация науқаны жалғасуда. Соңғы мәліметке сүйенсек, қос компонентті 7,9 млн-нан астам отандасымыз қойдырған. Бұл иммундауға жататын халықтың 70% құрайды. Қазақстанға “Pfizer” вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді. Оның 35 мыңы 12 жастан асқан балаларға, жүкті және сәбиін емізіп жүрген әйелдерге қойылған.

Байболат Култанов