Елімізде тұтынушылық несие көлемі 32,8 пайызға артқан

Бизнес және экономика

22:17 22 Қараша 2021

Шағын және орта бизнесті несиелендіру елдегі қаржы секторының негізгі басымдығына айналуы тиіс. Ақорданың баспасөз қызметінің ақпарына сүйенсек, Мемлекет басшысы сала мамандарына осындай тапсырма жүктеп отыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, ауылдардағы кәсіпкерлердің бастамаларын дамытуға баса назар аудару қажет. Бұл ретте бүгінде микроқаржыландыру нарығында тұрақты және арзан қор жасау көздері жоқ. Сондықтан, ел Президенті Үкіметке Агенттікпен бірлесіп, микроқаржы ұйымдарының қолжетімді әрі ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін пысықтауды тапсырды. Алқалы жиында Мемлекет басшысы қаржы секторының тұрақталғанын атап өтті. Бұған дәрменсіз банктердің жабылуы мен 6,6 триллион теңгеге жуық нашар несиелердің есептен шығарылуы себеп болып отыр деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Биыл тұрғындар сұранысының белсенді түрде қалыпқа келе бастағанын байқап отырмыз. Тұтынушылық несие 32,8 пайызға артқан. Несие алушылар 6,1 миллион адамға жетті. Бәлкім, бұл қалыпты үдеріс. Алайда, азаматтарымыздың қарыз жүктемесіне тиімді бақылау жасау маңызды. Қазіргі уақытта 545 мың адамның қарызын өтеу мерзімінің кешеуілдеуі 90 күннен асқан. Мәселе еліміздің қаржы тұрақтылығына төнген тәуекел-қатерде ғана емес. Бұл көптеген азаматтарымыздың қаржы тапшылығымен бетпе-бет келгенін білдіреді. Бұл әлеуметтік және саяси тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін.

Эльмира Садвокасова

Бұдан әрі оқыңыз

Іскер нәзікжанды қарттар үйін ашты
Петропавлда жазасын өтеушілер ер-тұрман әзірлейді
Өмірдің екінші мүмкіндігін иеленген жандар
Президент IV Қытай халықаралық импорттық тауарлар көрмесінің ашылу рәсімінде бейнеүндеу жасады
Биыл «Атамекен Қызылжар» МҚҰ-ға 91 өтінім түсті
«Радуга» серіктестігі ерекше жобаны қолға алды
СҚО 56 млн АҚШ долларының өнімін экспорттады
170 теріскейлік «Атамекен Қызылжар» микроқаржы ұйымы арқылы жеңілдікпен несие рәсімдеді