Денсаулық сақтау

Әлем халқының 41% вакциналаудың толық курсынан өтті

Әлем халқының 41% вакциналаудың толық курсынан өтті. Екпе алу қарқыны бойынша Біріккен Араб Әмірліктері, Мальта, Португалия, Чили мен Исландия елдері көш бастап тұр. Халқы иммундау шарасына белсенді қатысқан кейбір мемлекеттерде карантиндік шектеулер алынып тасталса, кейбірінде жағдай ушыққандықтан қатаң шаралар қолға алынуда. Мәселен, апта басында Австрияда билік екпе алмағандарға қатысты арнайы локдаун енгізді. Ал Сингапур билігі енді вакцина қабылдамағандардың емдеу шығындарын өтемейтіндігін мәлімдеді. Ресей Федерациясында да жағдай мәз емес. Мұнда кезекті рет коронавирустан болған өлім-жітім бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Көрші мемлекетте соңғы тәулікте індеттен 1200-ден астам қайтыс болған. Елде екпе салдырмағандарға талап күшейді.

Алдияр Айтпаев