Жыл соңына дейін ПИК-тер жұмысын тоқтатады

ТКШ

22:39 17 Қараша 2021

Жыл соңына дейін пәтер иелері кооперативі жұмысын тоқтады. Оның орнына мүлік иелері бірлестігі немесе қарапайым серіктестіктер құрылады. Жаңашылдыққа сәйкес, төрағалар мен төрайымдар тек бір жылға сайланады. Сондай-ақ, олар көпқабатты баспананы жөндету үшін әр есікті қағып, ақша жинамайды. Шаруаны тұрғындардың өздері атқаратын болады. Ол үшін ең алдымен пәтер иелері ортақ есепшот ашулары тиіс. Істің әділ атқарылуын заңгерлер мен әділет департаментінің мамандары бақылайды.
Айта кеткен жөн, тұрғын үйді басқарудың жаңа формалары келесі жылдың бірінші шілдесінен жұмысын бастайды.

Қайрат Мырзахметов, облыстық әділет департаментінің бас маманы:

Мәселен, үйдің шатыры бұзылса мүлік иелері бірлестігінің немесе қарапайым серіктестік басшысы жергілікті әкімдікке барып өтінім жазады.
Ондағы мамандар олқылықты түзейтін мердігерді тауып берулері тиіс әрі онымен келісім шартқа отырады. Кейін атқарылатын жұмыстың құны белгіленіп, тұрғындарға түбіртегі жіберіледі.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірдің аудандарында су тарифі өсуі мүмкін
Петропавлда бала жолаушыларға арналып электронды билеттеу енгізіледі
СҚО-да 950-ден астам көпқабатты үйде мүлік иелері бірлестігі құрылды
Абайлаңыз, көктайғақ!
Шаһар тұрғындары электрондық билеттеу жүйесіне шағымдануда