Денсаулық сақтау

КТ, МРТ арқылы көрсетілген қызметтердің көлемі 4 есеге артты

Қазақстанда компьютерлік, магниттік-резонанстық томография зерттеу бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі 4 есеге артты. Бүгінде ел тұрғындары үшін компьютерлік диагностикадан өту бұрынғыға қарағанда әлдеқайда қолжетімді. Өйткені, ағымдағы жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында азаматтарды заманауи медициналық тексерістен өткізуге арналған құрылғыларды жеткізушілер қатары 26 пайызға көбейген.

Мәселен, былтыр компьютерлік томография жүргізу бойынша қазақстандықтарға қызмет көрсететін 135 медициналық ұйым болса, биыл бұл тізім 55 орталықпен толығыпты. Ал, магниттік-резонанстық томография әдісін қолған алған 120-дан астам ұйым жұмыс істеп тұр. Бұндай мамандандырылған нысандардың көбеюі, әсіресе, Атырау, Түркістан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласында байқалады.

Алтынай Казиканова