ТЖ

СҚО-да бір отбасыдан 3 адам пештен шыққан газға уланып қалды

Ауруханаға солтүстікқазақстандық қос ұлын ертіп өзі келген. Дәрігерлерге бастарының қатты ауырып тұрғанын айтып шағымданыпты. Тексере келе 43 жастағы ер адамның балаларымен бірге пештен шыққан газға уланып қалғандары анықталған.

Аслан Ахметжанов, Қызылжар ауданы ТЖ бөлімінің бастығы:

– Подгорное ауылының тұрғыны таңертең пеш жағып, ішіне көмір тастаған.
Бірақ, жанып бітуін күтпей мұржаны жаба салған көрінеді. Артынша өздері ұйықтап қалған.
Үшеуі де қазір ауруханада жатыр. Жағдайлары жақсы.

Жалпы, жыл басынан бері Қызылжар ауданында 90-ға жуық өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 5 адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Бұл ретте Уәлиханов ауданында статистиканың өсуі байқалмайды. Мұнда төтенше жағдай саны өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға төмендеген. Қызыл жалыннан 1 тұрғын қаза тапқан.

Бауыржан Рахимжанов, Уәлиханов ауданы ТЖ бөлімінің бастығы:

8 өрт Кішкенекөлде орын алды. Қалған 7-еуі – басқа ауылдарда.
2-14 Пеш жағыла басталғалы өрт орын алған жоқ. Ауданымызда мұндай оқиғалар өткен жылдың қысында ғана тіркелді.

Пеш жағу маусымы басталғалы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жергілікті атқарушы органдармен және еріктілермен бірлесе 31 мыңнан астам ауланы аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Дмитрий Растихин, СҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы:

Қарапайым ережелерге мойынсынбау, пешті дұрыс салмау және оны қолдану барысында қателіктерге жол беру. Бұлардың барлығы жылыту маусымы кезінде орын алатын өрт оқиғаларына себеп болып жатады. Сол себепті, өңір тұрғындарын барынша абай болуға шықырамыз!

Енді өңірдегі статистикаға тоқталсақ. Жыл басынан бері облыста 651 өрт оқиғасы орын алды. Қызыл жалынның кесірінен 47 адам қаза тауып, 40 адам жарақат алған.

Алдияр Айтпаев