Қылмыс

Өңір полицейлері сібір елігін атып алған 4 браконьерді ұстады

Өңір полицейлері 4 браконьерді ұстады. Ақмола облысының тұрғындары заңсыз аң аулау үшін Тайынша ауданына қарасты сонау Кеңес ауылының маңына ат терлетіп келген. Ойлағандарын іске асырып, қараларын батырмақ болғанда тәртіп сақшыларының көзіне түсіпті. Бірақ, полицейлерге бірден берілмей, іздерін суытуға тырысқан. Мамандар заңбұзушыларды аспанға бірнеше мәрте оқ ату арқылы тоқтатыпты.

Полицейлер көліктен тіркелмеген қару мен атылған сібір елігінің денесін тауып, тәркіледі. Күдіктілер қазір қамауда. Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жалпы, қазанның 20-сы бастау алған “Браконьер” жедел-алдын алу шарасы аясында облыс аумағында 200-ге жуық заңбұзушылық тіркелген.

Эльмира Садвокасова