Спорт

“Qulager” ХК павлодарлық “Ertis”-ті қос ойында тізе бүктірді

Жеңістер сериясы жалғасуда! “Qulager” хоккей клубы павлодарлық “Ertis”-ті қос ойында тізе бүктірді. Алғашқы матчта жергілікті құрама қонақтардың қақпасына жауапсыз 6 шайба дарытты. Ал қарымта кездесуде 5 те 4 есебімен басым түсті. Осылайша, қоржынды кезекті 3 ұпаймен толықтырды. Енді солтүстікқазақстандық ұжым қарашаның 17-18-і күндері өскемендік “Torpedo”-мен күш сынасады. Ойындар Петропавлда өтеді.

Александр Белявский, “Qulager” ХК бас бапкері

Бірінші ойында бәрі ойдағыдай өтті. Жеңісті уысымыздан жібермедік. Ал қарымта кездесудің 3-ші периодында босаңсып кеттік. Мұны қарсыластарымыз ұтымды пайдаланып, 3 бірдей шайбаны қақпамызға тоғытты. Дегенмен, жеңіске жеттік.


Алдияр Айтпаев