Білім

Петропавлда “Ұлы дала елі” атты шығармашылық байқау өтті

Мұнда 1-ші, 2-ші және 3-ші курс студенттері “Тәуелсіздік” тақырыбында эссе жазып жатыр. Қатысушылар өз ойларын 3 тілдің бірінде қағаз бетіне түсіре алады.

Дәметкен Садықова, Б.Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқытушысы:

– Биыл тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толып отыр. Бұл тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Осыған орай “Мәңгілік ел” ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында “Ұлы дала елі” тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Көп ұзамай эссе жазған студенттер арасында үздіктер анықталып, келесі кезең басталып кетті. Қатысушылар мұнда түрлі ақындардың “Туған жер” тақырыбында жазған өлеңдерін мәнерлеп оқуда.

Байқау соңында жастар өздері әзірлеген бейнероликтерін көрсетті. Үздіктерді оқытушылар қауымы дауыс беру арқылы таңдайды. Жеңімпаздар дипломмен марапаттады.

Маржан Касымбек