Білім

Петропавлда “Қозыбаев оқулары” өтті

Биыл тарих ғылымдарының докторы, әйгілі академик Манаш Қозыбаевтың дүниеге келгеніне – 90 жыл. Осыған орай облыс орталығында дәстүрлі “Қозыбаев оқулары” өтті.

«Ғылым мен білімді дамытудағы жаңа бағыттар мен заманауи көзқарастар» атты іс-шара еліміздің еңбек сіңірген қайраткерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды. Кейін зиялы қауым өкілдері 2-ші корпустың конференция залына жиылды. Мұнда қатысушылар біртуар тұлға жайлы арнайы әзірлеген баяндамаларын оқыды. Сондай-ақ, Франция, Литва және өзге де елдердің ғалымдары онлайн-байланысқа шығып, Манаш Қабашұлы туралы жазған материалдарымен бөлісті. Ал көрмеге қойылған еңбектер мен фотосуреттер Президент мұрағатының қорынан жеткізілген.

Сәуле Мәлікова, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

Бұл көрмеде атақты біздің ғалымымыз, тарихшымыз, тәуелсіздік жыршысы Манаш Қозыбаевтың өмірбаяны, оның ғылыми еңбектері көрсетілген. Өз ойым, бұл көрмеде зерттелуі тиіс еңбектердің бірі болып саналады. Сондай-ақ, шетел ғалымдары Манаш Қозыбаевтың әлемдік тарих ғылымдарына қосқан үлесі жайлы сөз қозғайды.

Ақмарал Ыбыраева, Қозыбаев университеті ректорының кеңесшісі:

Манаш Қабашұлы Қозыбаевты біз ең алдымен тарихшы ретінде білеміз. Ол кісі тәуелсіздік кезінде Отан тарихын зерттеу барысында үлкен еңбек атқарды. Оның үлкен ғылыми мұрасының университет қабырғасында қаншалықты насихатталып жатқандығын біз ерекше айта кетуіміз қажет. Осы мақсатта 2004 жылдан бері Қозыбаев оқулары өткізіліп келеді.

Алдияр Айтпаев