Денсаулық сақтау

Соңғы тәулікте 150-ден астам солтүстікқазақстандық тәж вирусын жұқтырған

Өткен тәулікте 1200-ден астам қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырған. Өңіріміздегі эпидахуал әлі де мәз емес. “Қызыл” аймақта тұрған облысымыз індет жұқтыру көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр. Кеше 150-ден астам жерлесіміз аса қауіпті індетке шалдыққан. Айта кету қажет, бүгінде 4 миллион 753 мың қазақстандық иммундаудың толық курсынан өтті. Ал облыс бойынша екпенің қос компонентін 238 мың тұрғын қабылдады.

Алдияр Айтпаев