Құқық қорғау органдары

СҚО-да 2 күн ішінде жол жүру ережесін бұзуға қатысты 1400-ден астам факті тіркелген

Облыста ішімдік ішіп алып рөлге отыратындарға құрық табылмай тұр. Жыл басынан бері масаң күйде көлік тізгіндеген 800-ден астам жүргізуші ұсталған. Жуырда тәртіп сақшылары осындай күйдегі 32 жастағы жігітті тоқтатқан. Ер адамның, тіпті, жүргізуші куәлігі де болмай шықты. Өзінің ғана емес, өзгенің өмірін қауіпке тіккен қала тұрғыны 20 күнге қамауға алынды. Айта кету қажет, қазір облыс төңірегінде “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. 2 күн ішінде жол жүру ережесін бұзуға қатысты 1400-ден астам факті тіркелген. Оның ішінде жылдамдықты асыру, маневрді дұрыс жасамау және жол апатын тудыруға қатысты жайттар да бар.