ТЖ

Құтқарушылар қысқа әзірленуде

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар қауырт маусымға қамдануда. Осы күндері Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары «Қыс-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны аясында арнайы техникаларын жіті тексеруде. Бұл іс-шара облыс орталығында ғана емес, аудандарда да өткізіліп жатыр. Бүгінде 1200-ге тарта көлік алдағы маусымға сақадай сай тұр. Сондай-ақ, жол бойында 300 жылыту қосыны қойылған. Үскірік аяз бен дүлей боранда қиын жағдайға тап болған жандар аталған нысандарға жеткізіледі. Оқу-жаттығу жиыны барысында құтқарушылар өздерінің жеке шеберліктерін де арттырады.

Мұрат Қанғужинов, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

Жалпы, бүгінде облыс аумағында қар басу қаупі бар 390-нан астам учаске тіркеліп отыр. Өткен жылы 90-ға тарта құтқару операциясын өткіздік. 700-ден астам адам құтқарылған болатын.

Алдияр Айтпаев