МТРА жаңалықтары

“Jusan Bank”-тен апта сайын 1 миллион теңге ұтып ал!

Жанар Манап 19 жаста. 3 жыл бұрын оқуға түскен кезде өзіне Jusan Bank-тің картасын ашып, ұялы телефонына қосымшасын жүктеген. Картаға ай сайын стипендия түсіп тұрады. Сәйкесінше, нәзікжанды түрлі төлемдерді, аударымдарды аталған банк арқылы жасайды. Өткен аптаның соңында Жанардың ұялы телефонына “Сіз Jusan Bank-тен 1 млн теңге ұтып алдыңыз” деген хабарлама келген. 19 жасар қыз бұған бірден сене қоймапты.

Жанар Манап, банк клиенті:

Жұма күні хабарлады. Мен бұған мүлдем сенген жоқпын. Біраз уақттан кейін почтама нақты құжатпен хабарлама жібергеннен кейін ғана сене бастадым. Өте қуанышты болдым.  Jusan Bank-те осындай акция өтіп жатқанын мүлдем білген жоқпын. Бірақ, аталған банктік картасы мен қосымшасымен жиі қолданған соң, жеңімпаз атанып отырмын.

Жанар енді алдағы уақытта банк тарапынан ұйымдастырылатын осындай ұтыстарға белсенді қатыспақ ниетте. Ал жуырда ғана жеңіп алған қомақты қаражатты ата-анасына бермек ойда.

Жанар Манап, банк клиенті:

Jusan Bank ұйымына өзімнің алғысымды білдіремін және адамдарға осындай акцияға қатысып, жеңімпаз атануға тілектеспін.

Jusan Bank мұндай акцияны қыркүйек айынан бері өткізіп келеді. Яғни, әр апта сайын қазақстандықтардың 1 млн теңге ұтып алуға мүмкіндіктері бар. Жалпы, ұтыс ойынының ақшалай қоры 12 млн теңгені құрайды. Бүгінде оның 9 млн-ы – жеңімпаздардың қолдарында. Әлі ойнатылмаған 3 млн теңге бар. Яғни келесі жеңімпаз сіз болуыңыз мүмкін. Байқау шарттары қарапайым.

Жанна Каймульдина, Jusan Bank СҚО филиалы директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары:

-Қыркүйек айынан бері біздің банк “Ақша аудар және ұтып ал” акциясын ұйымдастырып келеді. Ұтыс ойынына қатысу үшін Jusan Bank қосымшасындағы мобильді телефон нөмірі бойынша аударым жасау қажет. Яғни, егер сіз мың теңгеден көп көлемде аударым жасасаңыз автоматты түрде ұтысқа қатысасыз. Жеңіске біртабан жақын болу үшін барынша бірнеше адамға аударым жасау қажет. Сонда жеңуге деген мүмкіндік арта түседі.

Науқанның негізгі бөлігі қарашаның 30-ына дейін жалғасады. Кейін банк клиенттерінің арасында супер жүлде ойнатылады.

Жанна Каймульдина, Jusan Bank СҚО филиалы директорының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары:

Осы акцияның аясында клиенттеріміз үшін супер жүлде дайындадық. Ол
– Toyota Land Cruiser 300 автокөлігі. Ұтыс желтоқсанның 15-сі күні ойнатылады. Арманыңыздағы көлікті ұтып алу үшін Jusan картасын ашып, аударымдар жасасаңыз жеткілікті.

Айта кетейік, ұтыс ойыны апта сайын банктің ресми Instagram аккаунтында тікелей эфирде өткізіледі. Jusan мобильді қосымшасында телефон нөмірі арқылы неғұрлым көп аударым жасасаңыз, жеңіске жетуге мүмкіндігіңіз соғұрлым артады. Егер банк клиенті болмасаңыз, апстор немесе маркет плейде Jusan қосымшасын жүктеп, картаға тапсырыс беруге болады.

Дана Ешкенова