Білім

Жергілікті ағылшын тілі пәні мұғалімдері халықаралық жобаға қатысуда

Солтүстікқазақстандық 55 ұстаз халықаралық British Council пилоттық жобасына қатысуда. Ол үшін ағылшын тілі пәні мұғалімдері Британ кеңесінің іріктеуінен өтіпті. Бағдарлама 40 сағатқа жоспарланған. Онлайн платформада мамандар 10 апта бойы сабақтың қалай өтетіндігін жоспарлау, медиасауаттылық пен инклюзивті тәжірибені қолдану және тағы да басқа бағыттарда білікті әріптестерінің шеберлік сағаттарына қатысады. Бұл бастама аясында ел бойынша 2 мыңнан астам педагог оқытылмақ. Жоба аяқталғаннан кейін оқытушыларға біліктілікті арттыру курстарынан өткендігін растайтын халықаралық сертификат беріледі.

Гүлден Ақмағамбетова, «Өрлеу»БАҰО» АҚ СҚО бойынша ПҚ БАИ зертхана меңгерушісі:

Бүгін біз British Council ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған пилоттық жоба бойынша баспасөз конференциясын өткізудеміз. Бұл іс-шара – British Council халықаралық жобасының бір бөлігі. Оған Қазақстан, Грузия, Украина, Өзбекстан, Армения және Әзірбайжан елдері қатысады.

Эльмира Садвокасова