Құқық қорғау органдары

Өңірге жұмыс бабымен Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев келді

Өңірге жұмыс бабымен Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев келді. Іссапар барысында вице-министр департаментке қарасты кинологиялық қызмет орталығында болып, қалалық полиция басқармасындағы «Азаматтарды қабылдау бөлмесімен» танысты. Сондай-ақ, “Модуль 391” жобасының жүзеге асырылуына қатысты өз бағасын берді.

Заманауи стационарлық бекет Қазақстан Конституциясы мен Әуезов көшелерінің қиылысында, яғни қалалық саябақтың кіреберісінде орналасқан. Нысан 2020 жылдың соңында жұмысын бастапты. Мұнда күн сайын екі ауысымда патрульдік полиция батальоны мен ювеналдық полиция қызметкері кезекшілік етеді. Мамандармен жыл басынан бері 180-нен аса құқық бұзушылық анықталған. Стационарлық бекетте 6 камера орнатылған. Оның төртеуі – ғимараттың сыртын, екеуі ішін қамтиды. Бейнебақылау жүйесіне жазылғанның барлығы жедел басқару орталығына жөнелтіледі. Жалпы, 10 айдың ішінде теріскейлік тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбалардың көмегімен 20500-ге жуық құқықбұзушылықты анықтаған.

Эльмира Садвокасова