Денсаулық сақтау

Медициналық сақтандыру қорына теріскейліктерден 180 шағым түскен

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты міндеттерінің бірі науқастардың құқығын қорғау болып табылады. Яғни, аталған ұйым өкілдері тұрғындардан келіп түскен өтініш-шағымдар бойынша әрекет етеді. Ағымдағы жылдың соңғы 9 айында қорға солтүстікқазақстандықтардан жергілікті емдеу мекемелерінің жұмысына қатысты 180 шағым түскен. Бұл былтырғымен дерекпен салыстырғанда 56,6%-ға көп.

Қарлығаш Ілиясова, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– 180 шағымның 98-і – Call-орталығына, 66-сы – Qoldau-24/7 мобильді қосымшасына, 11-і – қор сайтына, 8-і – ҚР ДСМ сайтына және 3-еуі ҚР Денсаулық сақтау министрінің блогына келіп түсті.

Бұл ретте қалалық емханалардың жұмысына қатысты өтініш-шағымдардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Соның ішінде №2 қалалық емханаға жолданған арыз саны көп.

№2 қалалық емханаға қатысты 39 шағым
№3 қалалық емханаға қатысты 35 шағым
№1 қалалық емханаға қатысты 19 шағым

Қарлығаш Ілиясова, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:

– Келіп түскен шағымдардың санатына келетін болсақ, оларды келесіге бөлуге болады: 107 шағым (немесе 60%) медициналық көмек көрсету сапасына қатысты (бұл өрескел қарым-қатынас, шақырудан бас тарту, тіркеу); 31 шағым (немесе 17%) емханаларда тар бейінді мамандардың консультацияларын ұзақ күту мерзіміне, КТ және МРТ қымбат зерттеулерге кезекке тұруға қатысты.

Сондай-ақ, азаматтар учаскелік дәрігерлердің жұмысының сапасына қатысты және мобильдік бригада қызметтерінің қолжетімсіздігін айтып шағымданған.

Лариса Гордеева, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының директоры:

– Келіп түскен барлық шағымдар мен өтініштер уақытында қаралды. Сонымен қатар, арыздар негізінде 2 медициналық ұйымды тексердік. Мониторинг барысында денсаулық сақтау саласындағы заңнама талаптарына қатысты бұзушылықтар анықталды. Осыған байланысты арнайы мамандардың қатысуымен актілер рәсімделді.

Қор өкілдері қандай да бір олқылық анықталса, тұрғындарды бірден мамандарға хабарласу қажеттігін еске салады. Әр өтініш елеусіз қалмайды.

Дана Ешкенова