Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қазақстандықтардың 42,5% халық санағын онлайн форматта өтті

Екі ай жүргізілген Ұлттық халық санағы қорытындыланды. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Науқан елімізде алғаш рет электрондық форматта ұйымдастырылды. Бұл мүмкіндікті ел тұрғындарының 43 пайызы қолданыпты. Яғни, азаматтар арнайы порталға кіріп, сұрақтарға онлайн жауап берген. Қалған 57 проценті санақтың дәстүрлі форматында қамтылды. Ел бойынша 25 мың сұхбатшы аула-аулаларды, пәтер-пәтерлерді аралап, сауалнама жүргізген. Сондай-ақ, қазақстандықтар үшін санақтан өтуге арналған 3,5 мыңнан аса қосын жұмыс істеді. Респонденттерге 25 млн-нан астам SMS-хабарлама жолданған. Ел үшін маңызды науқанның нәтижесі желтоқсанның соңында жарияланбақ.

Эльмира Садвокасова