Денсаулық сақтау

22-ші қарашадан Қазақстанда ревакцинациялау басталады

Қазақстан екпе егу науқанын жүргізу бойынша әлемде 105-ші орында тұр. Бүгінге дейін вакцинаның қос компонентін де 7 млн 700 мың қазақстандық салдырған. Бұл иммундауға жататын халықтың 68 пайызын құрайды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында балаларды, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін 4 млн 230 мың доза сатып алынғандығын айтты.

Оның алғашқы партиясы бүгін Алматы қаласына жеткізілмек. Сондай-ақ, елімізде ревакцинациялау шарасын 12 күннен кейін бастау жоспарланып отыр. Иммундау науқанының кезекті кезеңінен ең алдымен медицина қызметкерлері, педагогтар, күштік құрылым өкілдері өтеді. Одан кейінгі кезекте екпе 60 жастан асқандар мен коронавирусқа қарсы антиденесі қалыптаспағандарға егіледі.

Маржан Касымбек