Денсаулық сақтау

СҚО-да өткен тәулікте 135 адам коронавирус жұқтырды

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Өңірде соңғы 24 сағатта 135 теріскейлік сырқаттанып қалған. Оның басым бөлігінде ауру белгілері анық байқалады. Науқастардың дені – Петропавл қаласының тұрғындары. Естеріңізге сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы – әлі “қызыл” аймақта. Мамандар жағдайды тұрақсыз деп бағалап отыр. Бүгінде стационарларда 600-ден астам адам ем қабылдап жатыр. Оның 50-ден астамы – жансақтау бөлімшесінде. Өңірде өткен тәулікте коронавирустан 3 адам көз жұмды.

Дана Ешкенова