Құқық қорғау органдары

Петропавлда мейрамханалардың бірінде жасырын той өткізген

Петропавлда мониторингілік топ тексеріс жүргізіп жүріп, мейрамханалардың бірінде өтіп жатқан тойдың үстінен түскен. Жасырын ұйымдастырылған үйлену тойында 100-ге жуық адам отырған. Өңір үшін қиын эпидемиологиялық жағдайда осындай әрекетке жол берген нысан басшылығына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-ші бабына сәйкес материал жиналып, тиісті шешім қабылдау үшін бейінді басқармаға жолданған. Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы – қазан айының басынан бері “қызыл” аймақта. Той-томалақ өткізуге тыйым салынған. Бірақ, бұны естір құлақ болса… Жыл басынан бері түрлі дәмхана-мейрамхана мен клуб басшылары осындай өрескел әрекетке барғаны үшін 58 рет жауапкершілікке тартылған.

Данаш Хамзина