ТКШ

Петропавлда бала жолаушыларға арналып электронды билеттеу енгізіледі

Арнайы картамен жол жүру ақысы 40 теңгені құраса, қолма-қол есеп айырысу – 65 теңге. “Оқушы” деп аталатын карталарды “Dostyk Mall” сауда-ойын-сауық орталығында, “Караван” дүкенінде, облыстық автокөлік одағы қауымдастығынан, қалалық сапаржайдың диспетчерлік қосынынан және “Тайга” базарында 200 теңгеге сатып алуға болады. Еске сала кетейік, белгілі бір әлеуметтік санатқа жататын балаларға автобуспен жүру тегін.

Әсем Айтулова, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:

Аз қамтылған отбасыдан шыққан және мекен-жайы бойынша әлеуметтік көмек алатын балалар үшін қоғамдық көлікпен қатынау тегін болады. Оларға арнайы карта беріледі. Оны алу үшін тиісті құжаттарды жұмыспен қамту орталығына ұсыну қажет.

Эльмира Садвокасова