Балалар

НЗМ оқушылары ғылыми-өлкетану экспедициясынан оралды

«Туған елге тағзым». Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 40-ға жуық оқушысы осындай атаумен өткен дәстүрлі ғылыми-өлкетану экспедициясынан оралды. Жасөспірімдер шара барысында Мағжан Жұмабаевтың туған жерін аралады, жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Сондай-ақ, Айыртау ауданына ат басын бұрып, Бурабайды да тамашалаған.

Ізденімпаз балалар сұлу табиғатпен танысып қана қоймай, тарихқа үңіліп, Абылай хан мен оның шөбересі Шоқан Уәлихановтың өмірі жайлы айтылған сырға қанықты. Мектеп мұғалімдерінің айтуынша мұндай шаралар танымдық тұрғыда маңызды. Өйткені, осындай ғылыми-өлкетану экспедициясын ұйымдастыру арқылы балалардың кіндік қаны тамған жердің тарихын тануға деген қызығушылығын арттыруға болады.

Эльмира Садвокасова