Денсаулық сақтау

Індетті жеңу үшін екпе салдыр!

Анатолий Косов – ел мен елді байланыстырып жүрген жан. 63 жастағы көлік жүргізушісі темір тұлпарымен жүздеген шақырымды бағындырып, тауар тасиды. Тиісінше, індетті жұқтырып алу қаупі өте жоғары. Ал дерттен қорғанудың бірден-бір жолы ол – вакцина. Мұны жақсы білетін азамат бүгін №2 қалалық емханаға коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін алуға келіп отыр. Дәрігер тексерді, рұқсатын берді. Осыдан кейін келесі бөлмедегі маман қарсы алып, қытайлық Vero Cell препаратын салды. Енді келесі доза қарашаның 29-ы күні қойылады.

Анатолий Косов, қала тұрғыны:

Жұмыс барысымен бармайтын жерім жоқ. Өзімнің, жақындарымның өмірі үшін екпе қойдырып отырмын. Былтыр вирус жұқтырып, әйеліміз екеуміз ауырып қалдық. Оңайға түскен жоқ. Сондықтан, бүгін екпе алуды шештім. Менің ойымша, ештен кеш жақсы.

Егу кабинетінің алдында бұрынғыдай халық нөпірі байқалмайды. Дегенмен, Анатолий Косов сынды келушілер баршылық. Ақ халатты абзал жандар соңғы уақытта екпеге ниет танытқан қарттардың қатары қалыңдағанын айтады. Бұл – дұрыс шешім. Өйткені, бұған дейін сан мәрте айтылғандай Солтүстік Қазақстанда вакцина қойдырған аға буын өкілдерінің үлесі төмен. Осының салдарынан да өңірімізде вирус жұқтырғандар, инфекциядан көз жұмғандар саны азаймай тұр. Осы орайда қоғамдағы өзекті мәселеге тоқталамыз. Қазір арамыздағы кейбір жандар: “Жүрек ауруларына шалдыққан адамдарға екпе салдыруға болмайды”,- дейді. Алайда, бұл пікірмен облыстық көпбейінді аурухананың кардиология блогының жетекшісі Мақсат Құдратуллаев келіспейді.

Мақсат Құдратуллаев, облыстық көпбейінді аурухананың кардиология блогының жетекшісі:



Жан-жаққа жайылған індет күннен-күнге түрлене түсуде. Оның үстіне кейбір қазақстандықтың екпенің алғашқы дозасын қойдырғанына 9 айдан асып барады. Осы себепті, жақында елімізде қайта вакциналау бастау алмақ. Бұған қатысты жақында мемлекет басшысы мынандай мәлімдеме жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

– 9 айда халықты қамту шамамен 40 пайызға жетті. Әлем елдері халықты қайта вакцинациялауға кірісті. Біз белсенді науқанды наурыз айында бастағанымызды, ревакцинация мерзімі жақындағанын ескеріп, үкімет пен әкімдер халықты ревакцинациялау науқанына кірісуі керек.

Мақсат Құдратуллаевтың қайта вакциналауға қатысты айтары бар. “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” дегендей дәрігер осы жауапты кезеңде халықты аса белсенді болуға шақырады.

Мақсат Құдратуллаев, облыстық көпбейінді аурухананың кардиология блогының жетекшісі:

Бұл ретте соңғы деректермен бөлісейік. Бүгінге дейін 253 мыңнан астам жерлесіміз екпенің алғашқы дозасын алған. Ал толық курстан өткендердің саны 237 мыңға жуықтайды. Өткен тәулікте 142 адамның ауруға шалдыққаны анықталып отыр. Науқастардың жартысына жуығы – петропавлдық.

Байболат Култанов