Денсаулық сақтау

№2 қалалық емханада 8 мобильді бригада жұмыс істеуде

Облысымызда құрылған мобильді бригадалар да күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде. Бүгінде №2 қалалық емханада 8 бірдей жедел әрекет ету тобы бар. Оның 4-уі дәрігерлік болса, қалғаны – медбикелік. Олар коронавирус індетіне шалдыққан адамдарға көмек көрсетуде. Орташа есеппен алғанда 1 мобильді бригадаға күніне 15-тен 35-ке дейін қоңырау түседі екен. Мамандар шақырту алғаннан кейін науқастың үйіне барып оның жағдайын тексереді. Және дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмекті тегін береді. Айта кетейік, өткен айда №2 қалалық емхананың базасында “Ситуациялық орталық” құрылған.

Лилия Сафарова, №2 қалалық емханасының мобильді бригада үйлестірушісі:

– Ситуациялық орталықта психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер жұмыс істейді. Олар күнде карантинге жабылған адамдармен сөйлесіп, қолдау көрсетеді. Бүгінде өңірімізде мыңнан астам азамат оқшауланған.

Дана Ешкенова