Құмар Ақсақалов онлайн қоғамдық қабылдау өткізді

Аптадағы маңызды жаңалықтар

21:07 5 Қараша 2021

Петропавлдағы Солнечный-2 кентінде баспаналар салынды. Қазір мұндағы 250 үйде адамдар тұрып жатыр. Бірақ, тұрғындардың сөзінше бұл ықшам ауданында жайлы тұрмысқа мүлдем жағдай жасалмаған. Жол, жарықтандыру мәселесі шешілмеген, үйлер суық, жылу жүйесі дұрыс істемейді. Жауын суына арналған кәріздер жоқ, интернет тартылмаған.

Инеш Бейсембаева, қала тұрғыны:

Біздің шағын ауданда проблема өте көп. Солардың бірі – суағарлардың болмауы. Яғни, өткен жылы келіп, жерді қазып, сол күйінде қалдырып кетті, кейін жергілікті БАҚ арқылы қалалық әкімдіктегілер бұл жұмыстар толығымен аяқталды деді. Асфальт жоқ, күн сайын жолға шыққанша аяқ киімдеріміз былғанады, кешке жұмыстан келе жатқан уақытта жарық болмайды. Үйлеріміз болса суық, ұзақ жанатын пештер орнатылғанымен, оны әрбір 3 сағат сайын толтырып отыру керек. Олай істемесек, қабырғаларымыз мұз болып қатып қалады. Бірнеше рет қалалық әкімдікке жүгініп едік, мәселе шешілмеді.

Болат Жұмабекова, Петропавл қаласының әкімі:

– Құмар Іргебайұлы, иә, біз мәселемен таныспыз. Суағарлар 2022 жылы толық орнатылады. Жерді қазған себебіміз, көктем мезгілінде су басу қаупі туды. Әзірге. бұл ықшам ауданға асфальт төсеуге қаражат қарастырылмаған. Сондықтан, келесі жылы қиыршық тас төсемекпіз, көшелерді жарықтандыру мәселесіне келетін болсақ, бұл ықшам аудандағы 3 трансформатордан түрлі жабдықтарды ұрлап әкеткен. Енді, әзірге, іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қызылжар ауданы Бескөл ауылының тұрғындары да үйлерде жылудың жоқтығына шағымданды. Бұл мәселе биылғы жылдың қазан айынан бері тұрғындардың бас ауруына айналған. Қыс жақындап қалды. Ал Бескөл аулының 14 мекен-жайы бойынша үйлерде әлі күнге дейін жылу жоқ.

Анастасия Саратовцева, Бескөл ауылының тұрғыны, Қызылжар ауданы

– Өткен жылы жақсы, үйіміз жылы болды. Биыл шамамен екі айға жуық жылу күтіп отырмыз. Қазір электр қуаты үшін коммуналдық ақыны екі еселеп төлеп жатырмыз, өйткені үйді электр жылытқыш қондырғыларымен жылытуға мәжбүрміз. Тиісті органдарға бірнеше рет жүгіндік, барлық қондырғылар жұмыс істеп тұр дейді.

Аудан әкімі Жанат Сәдуақасов бұл мәселені бір апта ішінде шешуге уәде етті.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Анастасия Алексеевна, жанымда тиісті органдардың өкілдері отыр. Бір аптадан соң, сізбен кездесіп, әр үйге кіріп шығу керек деп ойлаймын. Пәтерлердегі ауа температурасын өлшейтін боламыз. Бұл мәселе қар түскенше дейін міндеті түрде шешіледі.

Нұрмахан Қожанұлы – Уәлиханов ауданың тұрғыны. Облыс әкімінің қабылдауына аудандағы өзекті мәселелерді айту үшін жазылыпты. Сөзіне қарағанда, елді мекенде дәрігерлердің жетіспеушілігі бар, мүгедек жандарға баспана беру мәселесі шешілмеген, малға қысқа қажет жемшөп дайындалмаған. Сондай-ақ, 2020 жылы елді мекеннің 98 тұрғынының сиырлары бруцеллез ауру болуы мүмкін деп Қостанай облысына союға жөнелтілген. Ауру ішінара анықталып, сойылған малдың еті арзан бағаға сатылып жіберілген. Мал иелеріне өтемақы төленбепті.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Мейрам Мендібаев ауыл шаруашылығының басшысы барлығын тыңдап отыр, тексереміз. Сіздерге хабар жеткізу керек еді. Сіздермен тағы хабарласармыз.

Облыста дәрігер маман тапшы. Қазіргі таңда 274 маман қажет. Жас мамандар мен өзге өңірлерден дәрігерлерді облысқа тарту үшін биыл көтермеақының мөлшері да артқан. 1,5 млн-нан 2,5 млн-ға дейін жетті. Дина Қарымсақова – педиатр-неонатолог, әдейі Нұр-Сұлтан қаласынан шақыртылып, сәуір айында айыртау аудандық ауруханасына жұмысқа тұрған.

Дина Қарымсақова, НұрСұлтан қаласының тұрғыны:

– Жұмысқа шақырғанда тек жағымды жақтарын айтып еді, осы жаққа келе проблемалардан басымды көтере алмай қалдым. Біріншіден, бір айдан аса уақыт көтермеақыны тостым, содан соң жалға тұрып жатқан баспананың қаражатын төлемей қойды. Оның үстіне өзім коронаиврус жұқтырып, екі айдай жұмысқа шыға алмадым. 1 қыркүйек жұмысқа келген бетте ауданның бас дәрігері өз еркіммен жұмыстан кетуімді сұрады немесе заң бойынша жұмыстан кетіреміз деді. Еш себебін түсіндірген жоқ.

Нұрлан Айманов, СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Көтермеақыны уақытылы төлемеген себебіміз, жергілікті мәслихаттың қаулысын күттік, көтермеақының мөлшерін арттыру үшін. Екіншіден, жалға тұрып жатқан баспананың ақшасын төлемегеніміздің себебі, өйткені сіз ол уақытта Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жаттыңыз, яғни тиісті ережеге сай ол үшін қаражат бөлінген жоқ. Содан соң бізге, яғни басқармаға сіздің жұмыстан кетемін деген құжатыңыз келді, біздің құжатқа қол қойып бердік.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Біздің облыста дәрігер тапшылығы бар. Сіз балалар аурханасынан бөлек, сондай-ақ, жұқпалы аурулар ауруханасында да жұмыс істей алады екенсіз, сондықтан біздің өңірге қайтып келгіңіз келсе, жұмыс беруге дайынбыз.

Құмар Ақсақалов бүгінгі онлайн қабылдауға қатысқандардың барлығының мәселесі ескеріліп, тиісті шешім қабылданатынын жеткізді.

Данаш Хамзина

Бұдан әрі оқыңыз

Шал ақын ауданында таза ауызсу мәселесі өткір тұр
Қос үйдің конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталды
К.Сафин атындағы облыстық бокс мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді
Облыстық әкімдік отырысы өтті
Ревакцинациядан мыңға жуық теріскейлік өтті
Құс фабрикалары жұмыртқаны негізсіз қымбаттатқан
Тұрғындар жер мәселесі бойынша облыс әкіміне жүгінді
Облыстық әкімдік отырысы өтті
“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 3,5 мың ауылдың көркі кіреді
Биыл 850-ге жуық солтүстікқазақстандық мемлекеттен өтеусіз грант алды
Қазақстандықтардың 42,5% халық санағын онлайн форматта өтті
Облыс әкімі онлайн қабылдау өткізді