ТЖ

ТЖД мамандары қаладағы көпқабатты үйлердің жертөлелерін тексерді

ТЖД-нің мамандары қаладағы көпқабатты үйлердің жертөлелерін тексерді. Іс-шараның басты мақсаты – оқыс оқиғалардың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Құтқарушылар Рижская көшесіндегі үйлердің бірінің жертөлесінен газ баллонын тапты. Оның іші бос болған. Бірақ, бұл толы баллонға қарағанда әлдеқайда қауіпті екен. Себебі, бос баллонның жарылу қаупі жоғары. Мамандар үйдің пәтер иелері кооперативі төрайымына ескерту жасап, жертөлені жанғыш заттардан босату қажеттігін айтты.

Азамат Қабдуллин, қалалық ТЖБ бас маманы:

Егер де жарылғыш заттар жертөледен алынбаса, біз арыз бойынша тексеріс ашамыз. Кейін протокол жазылады.

Эльмира Садвокасова