Спорт

НЗМ оқушылары арасында тоғызқұмалақтан спартакиада өтті

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқитын ұл-қыздар арасында тоғызқұмалақтан спартакиада өтті. Елдегі эпидахуалға байланысты ойын 2 жыл қатарынан қашықтықтан арнайы платформада ұйымдастырылды. Дәстүрлі сайыс 6 кезеңнен тұрды. Оған Петропавлдағы білім ордасынан 4 оқушы қатысты. 10-сыныпта оқитын Жанбатыр Серік тоғызқұмалақпен 6 жыл бойы айналысып келеді екен. Биылғы өткізілген ойынның үшеуінде жеңіске жетіпті. Ойын қорытындысы қарашаның 9-ы күні белгілі болады.

Жанбатыр Серік, химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:

Маған Ақтөбемен ойнаған қиынға соқты. Оның өзінің ерекше тактикасы бар екен. Өткен жылы да онлайн спартакиадаға қатысқан болатынмын. Ол жерде 7 ойыннан төртеуінде жеңдім.

Алтынай Казиканова