Қоғам

Мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтті

Облыс орталығында мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өтті. Шара фейсбук және zoom қосымшасы арқылы ұйымдастырылды.Түрлі саланың тізгінің ұстаған мамандар алдымен тұрғындарға ағымдағы жылдың басынан бері көрсетілген қызметтердің саны мен түрлеріне тоқталды. Басымдық медицина саласына берілген. Бүгінде аталған сала өкілдері мемлекеттік қызметтің 19 түрін көрсетеді. 2021-де облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарымен 2 млн 750 мыңнан астам қызмет түрі ұсынылған. Соңғы 2 жылда солтүстікқазақстандықтар әсіресе, дәрігердің қабылдауына көптеп жазылған екен. Бүгін өңір тұрғындары мамандарға өздерін мазалаған сұрақтарын да қойып, тұшымды жауап ала алды әрі жаңашылдықтармен танысты.

Қайыркен Сәрсенов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы:

– Дәрігердің қабылдауына жазылу бойынша 1 млн 270 мың қызмет көрсетілген. 3 мемлекеттік қызмет толығымен автоматтандырылған. Электронды үкіметтің веб-порталы арқылы алуға болады.15 мемлекеттік қызмет медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйесі мен үкімет порталында көрсетіледі.

Алтынай Казиканова