Білім

Магистратура мен докторантураға түсу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр

Білім саласындағы өзгеріс! Елімізде магистратура мен докторантураға түсу үшін құжат қабылдау жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, биылдап бастап елімізде кешенді тестілеу 2 рет өткізіледі: оқу жылы қарсаңында және қараша-желтоқсан айларында. Бұл байқауға жазда грант бұйырмаған үміткерлер де, бұрын сынақтан өтпегендер де қатыса алады. Негізгі ереже мынадай: магистрант, докторант атанғысы келген жандар Ұлттық тестілеу орталығының сайтына тіркелуі қажет. Осылайша, құжаттарын ағымдағы айдың 15-ші жұлдызына дейін тапсырулары тиіс. Емтихан қарашаның 18-і мен желтоқсанның 11-і аралығында ұйымдастырылады. Ал оқуға қабылдау 26-шы желтоқсан мен 10-шы қаңтар аралығында өтеді.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
– Емтихан жылдағыдай форматта, яғни электронды форматта өтетін болады. Талапкерлер желтоқсан айында анықталып, қаңтар айынан бастап алдын ала бөлінген гранттар бойынша білім алуға мүмкіндік алады.
Бүгінде магистратураға 3200 грант бар. Ал PhD докторантура бойынша 514 грант қарастырылды. Бұл – жазғы конкурста игерілмеген гранттар.

Эльмира Садвокасова