Ауа райы

Қараша айына арналған ауа райы болжамы


 

Қазгидромет мамандарының болжауынша, қараша айында ауа райы құбылмалы болады. Күн бірде жылып, бірде суытады. Айдың алғашқы онкүндігінің бірінші жартысында ауа температурасы күндіз минус 7 мен 12 градустың аралығында болады. Түнде температура минус 11-16-ға дейін суытады.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” АҚ СҚОФ бөлім жетекшісі:

– Онкүндіктің екінші жартысында ауа температурасы түнде 0-5 градус аязға, күндіз 2-3 градусты көрсетеді. Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 15-20 градус аязға, күндіз 3-8 градус аязға дейін төмендейді.

Қарашаның үшінші онкүндігінде де аязды күндер болады. Кей жерлерде ауа температурасы, тіпті, минус 20-25 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Жалпы, қарашаның орташа айлық температурасы минус 6-8 градусты құрамақ.

Гүлзат Ғазизова, “Қазгидромет” АҚ СҚОФ бөлім жетекшісі:

Жауын-шашынның айлық мөлшері норма шамасында болады. Норма – 22-32 мм. Көбіне қар, тұман, көктайғақ бірінші, екінші және үшінші онкүндіктердің екінші жартысында болжанады.

Сондай-ақ, бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің жартысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Дана Сәлімқызы, тілші:

Осыдан тура 34 жыл бұрын облысымызда ең суық қараша айы тіркелген. Ол кезде сынап бағанасы минус 37 градусқа дейін төмендеген екен. Ал 1955 жылы, керісінше, ең жылы ауа райы тіркеліпті. Онда температура плюс 15 градусқа дейін көтерілген.

Дана Ешкенова