Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында 3,5 мың ауылдың көркі кіреді

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында республика бойынша 3,5 мың елді мекен көркейе түседі. Болашағы бар селоларда ауылдық ағайынның 90 пайызы тұрады екен. Жоспарға сай 2025 жылға дейін тұрғындар 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылмақ. 10 мың ауылішілік жол қалыпқа келтіріліп, 12 мың инженерлік желі жөндеуден өтеді.

Өңірдегі статистикамен де бөлісейік. Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 50 елді мекенде 75 жоба жүзеге асырылуда. Іске 9,7 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініпті. 20-шы қазанда жарияланған дерекке сүйенсек, қомақты қаражаттың 56%-ы игерілген. Келесі жылы да ауқымды жұмыс атқарылады. Республикалық бюджеттен 5 жарым млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, 41 ауылда 49 жоба іске асырылады. Нақтырақ айтсақ, 6 объекті салынады немесе қайта жөнделеді, 43 нысанда орташа немесе күрделі жөндеу жүргізіледі.

Эльмира Садвокасова