Қоғам

Жыл басынан бері өңірде 900-ге тарта пәтер тапсырылған

Қаңтар-қыркүйек аралығында өңірдің тұрғын үй құрылысы саласына 27,9 млрд теңге бағытталған. Қомақты қаржының арқасында облысымызда 768 жекеменшік және 10 көпқабатты баспана тұрғызылыпты. Осылайша, жалпы аумағы 119,6 шаршы метр метр болатын 900-ге тарта пәтер қолданысқа берілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға көп. Тұрғызылған нысандардың негізгі бөлігі, нақтырақ айтсақ, 89 пайыздан астамы халықтың ақшасына салынған. Ауылдық жердегі статистикамен де бөлісейік. 9 айдың ішінде елді мекендерде 53,3 шаршы метр тұрғын жай тапсырылған. Осы орайда айта кетейік, өңірде үйдің 1 шаршы метрі 120 мың теңгеге бағаланып отыр.

 

Байболат Култанов