Денсаулық сақтау

Солтүстікте 143 адам коронавирус жұқтырған

Әлем бойынша коронавирусқа қарсы екпенің 7 млрд дозасы егілген. Бұл ретте Қытай, Үндістан және АҚШ тұрғындары белсенділік танытуда.Енді жеке-жеке тоқталып өтейік. Біріккен Араб Әмірліктері мен Мальта халқының 90 пайызы тәж вирусына қарсы вакцина қойдырыпты. Сонымен қатар, Португалия, Исландия, Сингапур және Оңтүстік Корея, Куба мен Чилиде кем дегенде екпенің 1-ші компонентін азаматтардың 80 пайызы салдырған екен. Ал, елімізде 7 жарым млн-нан астам адам иммундаудың толық курсынан өткен. 8 млн 300-і, әзірге, тек біріншісін ғана қойдырған.

235 мыңға жуық солтүстікқазақстандық екпенің қос құрамын да қабылдаған.
Коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайларына келетін болсақ, өңірде бір тәулікте ковид-19-ға 143 адам шалдыққан. Бұл ел бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып саналады. Қазақстан көлемінде 1300-ден астам жаңа жағдай тіркелген. Өкінішке қарай, бір күнде аты жаман індеттен 18 қазақстандық мерт болған. Жалпы, аталған вирус пайда болғалы 12 мыңнан астам адам көз жұмды.

Алтынай Казиканова